Қазақстандағы қоқыс полигондарының 80%-ы экологиялық талаптарға сәйкес келмейді

Мусорный полигон, мусор, мусорная свалка, свалочный полигон, отходы, стихийная свалка, стихийные свалки, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2025 15:57 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев 2025 жылғы 14 қарашада Мәжілісте еліміздегі қоқыс полигондарының жағдайы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, полигондардың басым бөлігі белгіленген талаптарға сай емес.

"Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы маңызды мәселелердің бірі – қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары. Ел аумағында шамамен 3 мың полигон жұмыс істейді, олардың 80%-дан астамы экологиялық талаптарға сәйкес келмейді. Нақтырақ айтқанда, гидрооқшаулаудың, фильтрат пен газ жинау жүйелерінің болмауы", – деді Құрмалаев.

Ол мәселелерді жыл сайын саны артып келе жатқан заңсыз қоқыс үйінділері одан әрі күрделендіріп отырғанын атап өтті.

"Негізгі проблема – инфрақұрылымның ескіруі. Полигондардың басым бөлігі 70–90-жылдары қазіргі қорғаныс жүйелерінсіз пайдалануға берілген: санитарлық және экологиялық нормалардың сақталмауы, халық пен бизнес деңгейінде қалдықтарды бөлек жинау жүйесінің дамымауы. Сондай-ақ заманауи полигондар салу үшін мемлекеттік бюджеттен қаражаттың жеткіліксіз бөлінуі де басты мәселелердің бірі", – деп толықтырды вице-министр.

Бұған дейін Қазақстанда экологиялық талаптарды сақтамағаны үшін 165 шенеуніктің жазаланғаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: