Елордада қар күреу жұмысы тәулік бойы жүргізілуде
Сурет: Астана әкімдігі
Әкімдік ақпаратына сүйенсек, 17 қараша таңертеңгі уақытта қар тазалау жұмысына 3 мыңға жуық жол жұмысшысы мен 803 арнайы техника жұмылдырылды. Коммуналдық қызметтер көше мен тротуарларды тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруы үшін техникалық тұзбен өңдеуге ерекше назар аударады.
"Қысқы маусым басталғалы бері Астанадан 294 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 63 558 ауыр жүк көлігінің рейсіне тең",- деп мәлімдеді әкімдік.
Белгілі болғандай, алдымен негізгі магистральдық көшелер мен қоғамдық көлік бағыттары тазартылады. Одан кейін қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда қар күреу жұмысы жүргізіледі.
Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, көшеде және тротуарларда абай болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады.
Бұған дейін Астанада полицейлер ірі көлемде қарызы бар борышкерді анықтағанын жазғанбыз.