Астанада бір түнде 3 мыңнан астам жүк көлігіне тең қар шығарылды

Астана, қар, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2024 14:09 Сурет: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Астананың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Олар алдыңғы түні қаладан 3 мыңнан астам жүк көлігіне тең қар шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана әкімдігінің мәліметінше, 28 қаңтар күні таңертең қала көшелерін қар мен мұздан тазартуға 2 400-ден аса жол жұмысшы мен 1 500-ден астам арнайы техника шықты.

Алдыңғы түнде қаладан 42 228 текше метр қар шығарылды, бұл 3 200-ге жуық ауыр жүк көлеміне тең.

Қыс мезгілі басталғалы бері елордадан үш миллион текше метрге жуық қар шығарылды, ол үшін полигондарға 738 175 жүк көлігі рейсі жасалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: