Қазақстанда -23°C дейін күн суытады

Аппаратно-студийный комплекс Казахского радиотелецентра, достопримечательности Алматы, достопримечательности города Алматы, туризм в Алматы, Алматы зимой, виды города Алматы, зима в Алматы, зимой в Алматы, зимний Алматы, заморозки в Алматы, мороз в Алматы, снег в Алматы, похолодание в Алматы, снегопад, снегопад в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2025 16:33 Фото: pexels
2025 жылғы 18-20 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері жаңа болжамда хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, тұрақсыз ауа райының себебі – республиканың үстінен өтетін Атлант циклоны. Ол жаңбыр мен қар әкеледі, кей жерлерде төменгі боран мен мұз басу ықтимал.

"Елдің оңтүстік-батысы мен шығысында 19-20 қарашада антициклонның әсерінен құрғақ ауа райы, жауын-шашынсыз болады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, республиканың барлық аумағында желдің күшеюі мен тұман күтіледі.

Ауа температурасына келер болсақ, айтарлықтай өзгерістер болмайды. Тек елдің шығысында түнгі уақытта температура -6°С-тен -23°С-қа дейін төмендеп, күндіз +2°С-тен +10°С-қа дейін жылы болады.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК директоры Марина Шмидт елдегі климат өзгерістері туралы айтып, температураның көтерілуі мен жел жылдамдығының төмендеуі климаттың басты ерекшеліктері екенін атап өткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: