Сейсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тұман, Қазақстан, ауа райы болжамы, 18 қараша, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2025 22:05 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК 2025 жылғы 18 қарашада Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжанады.

18-19 қарашада Жетісу облысында шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының орталығында да тұман болады деп күтіледі.

Алматы облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және танертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында және орталығында да тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

18-19 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. 18 қарашада күндіз облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, 19 қарашада облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда 18-19 қарашада кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 18 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында да тұман түседі деп болжанады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. Көкшетауда 18 қарашада түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК директоры Марина Шмидт елімізде 2026 жылдың қаңтар және ақпан айларында ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: