Қазақстандықтар IT-архитектор мамандығын тегін үйрене алады
Фото: freepik
Қазақстан цифрлық мемлекетті дамыту мақсатында IT-архитекторлар академиясын құрды. Бұл туралы 2025 жылғы 19 қарашадағы хабарламасында Ақпараттық интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство атап өткендей, IT-архитекторлар академиясы – мамандарға IT-ны біртұтас жүйе ретінде көруді үйрететін практикалық алаң болады: идеядан бастап архитектураны жобалау және жасанды интеллектті енгізуге дейін.
Бағдарлама төрт модульді қамтиды:
- Бизнес-процестерді реинжинирингтеу.
- IT-архитектураны жобалау.
- Жасанды интеллект – нөлден прототипке дейін.
- Жобалық басқару тәсілі арқылы жобаларды іске асыру тиімділігін арттыру және бизнес-мақсаттарға жету.
Оқыту 2025 жылғы желтоқсанда басталады. Айта кетерлігі, алғашқы ағын қатысушылары үшін оқыту тегін.
Қабылдау 2025 жылғы 20 қарашадан 15 желтоқсанға дейін govtec.kz сайтында жүргізіледі.
Сондай-ақ, 2025 жылғы 17 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев "Жасанды интеллект туралы" заңға қол қойғанын атап өту керек. Сол кезде Ақордада заң жасанды интеллект жүйелерінің негізгі жұмыс қағидаларын енгізетінін түсіндірген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript