Алматының Алатау ауданында 100 шақырымнан астам жол жаңарды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Алатау ауданының әкімі Данияр Қырықбаев жол инфрақұрылымын дамыту барысы туралы баяндама жасады., сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2025 14:17 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Алатау ауданының әкімі Данияр Қырықбаев жол инфрақұрылымын дамыту барысы туралы баяндама жасады.

Қазір ауданда 86,4 шақырым болатын жол орташа жөндеуден өтіп жатыр. Ол жұмыс Шаңырақ-1, Шаңырақ-2, "14-территория", Ақбулак, Алғабас, Зерделі, "АЗТМ", Боралдай, Байбесік, Шапағат, Өжет, "Птицевод", Қарасу, Саялы-1, Саялы-2, Көкқайнар, Самғау, Төлебай сияқты 18 шағынауданды қамтыған.

Жөндеу жұмысы тамыз айында басталып, 172 көшені қамтыды.

Сонымен қатар, ауданда Боралдай және Рахат–Мәдениет шағынаудандарында Алматы қалалық мобильділік басқармасының тапсырысымен жаңа жол да салып жатыр. Тағы 45 көшеде шұңқырлар бітеліп, тегістеліп, 50 мың шаршы метр жол жабыны жаңартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: