Алматыда интернет-алаяқтық жасау үшін қолданылған арнайы құрал-жабдық анықталды

Алматы қаласы ПД, ҚР ІІМ КҚД, қалалық прокуратураның үйлестіруімен, сондай-ақ ҰҚК аумақтық бөлімшесі және байланыс операторымен өзара ықпалдастықта интернет-алаяқтық жасау үшін қолданылған "Sim-box" типтес арнайы құрал-жабдықты анықтап, тәркіледі. , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2025 14:52 Сурет: ҚР ІІМ
Алматы қаласы ПД, ҚР ІІМ КҚД, қалалық прокуратураның үйлестіруімен, сондай-ақ ҰҚК аумақтық бөлімшесі және байланыс операторымен өзара ықпалдастықта интернет-алаяқтық жасау үшін қолданылған "Sim-box" типтес арнайы құрал-жабдықты анықтап, тәркіледі.

Жедел іс-шаралар барысында заңсыз трафик ұйымдастырған екі жас азамат ұсталды.

"Біз телекоммуникациялық жабдықты пайдалана отырып жасалатын қылмыстық схемаларды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырудамыз. Басты міндетіміз – заңсыз трафик арналарына дер кезінде тосқауыл қою, киберқылмыскерлердің әрекетіне бөгет жасау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Серіктес құрылымдармен өзара іс-қимыл мұндай қауіптерді тиімді анықтауға және бейтараптандыруға мүмкіндік береді, – деді Алматы қаласы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды. Құқыққа қайшы әрекеттің барлық жай-жапсарын және оған қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті кибералаяқтық – ең кең таралған қылмыс түрлерінің бірі екенін еске салады және оны төтенше негізде тоқтату жұмыстары тұрақты түрде жалғасатынын хабарлайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: