Астанада алаяқтар тағы да "1414" нөміріне байланысты схеманы қолдануда

Мошенничество, мошенники, мошеннические схемы, финансовая афера, хакеры, взлом данных, кибератака, хакерская атака, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2025 16:16 Фото: Zakon.kz
Үздіксіз ескертулерге қарамастан, елде онлайн-алаяқтық фактілері азаймай, керісінше көбейіп келеді. Бұл жолы Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі тұрғындарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың 26 қарашасында полицейлер алаяқтар өздерін "Астана АЭК" АҚ энергожабдықтау компаниясының қызметкерлері ретінде таныстырып, есептегіш құралдарын ауыстыруды сылтау етіп, "1414" нөмірінен келетін SMS-кодты сұрайтынын мәлімдеді.

Кейбір жағдайларда азаматтарды ақшаларын "қауіпсіз шоттарға" аударуға да көндіреді.

Полиция келесіні қатаң түрде ескертеді:

"Астана АЭК" АҚ тұтынушылардан растау кодтарын, құпиясөздерді, жеке деректерді сұрамайды және құпия ақпаратты талап етіп қоңырау шалмайды. Мұндай әрекеттер – азаматтардың ақшасын иемденуге бағытталған алаяқтық схема."

Айта кетейік, былтыр, 2024 жылдың 23 қазанында компания әкімшілігі дәл осындай хабарлама жасаған еді:

"Құрметті елорда тұрғындары! "Астана-АЭК" АҚ көппәтерлі тұрғын үйлердегі электр есептегіштерді ауыстырумен айналыспайтынын және кодтарды растау, ұялы телефондарға жіберуді сұрамайтынын, сондай-ақ есепке алу аспаптарын ауыстыруға кезекке қоймайтынын хабарлайды",- делінген ақпаратта.


Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлерге хабарласуға болады: 578 290, 578 288.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: