Апта соңына қарай Алматыда ауа температурасы -2°С-қа дейін төмендейді

Алматинская телебашня, телевизионная и радиовещательная башня, Кок-Тобе, Кок Тобе, Алматы, Алматы зимой, виды города Алматы, зима в Алматы, зимой в Алматы, зимний Алматы, заморозки в Алматы, мороз в Алматы, снег в Алматы, похолодание в Алматы, снегопад, снегопад в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2025 16:25 Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 27–29 қараша аралығында еліміздің үш ірі қаласындағы ауа райы қандай болатынын хабарлады. Zakon.kz мәліметінше, Астанада тұман түседі, Алматыда түнде айтарлықтай салқындайды, ал Шымкентте күндіз әлі де көктемгі жылылық сезіледі.

Астана

27 қараша: ауыспалы бұлттылық, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз шамамен 0°С.

28 қараша: ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Әлсіз жел болуы мүмкін. Түнде -4…-6°С, күндіз -1…-3°С.

29 қараша: ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 12 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде -7…-9°С, күндіз -2°С.

Алматы

27 қараша: ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Түнде +2°С, күндіз +12…+14°С.

28 қараша: ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Әлсіз жел болуы мүмкін. Түнде +2°С, күндіз +11…+13°С.

29 қараша: ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Түнде -2°С, күндіз +9…+11°С.

Шымкент

27 қараша: аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -1…+1°С, күндіз +16…+18°С.

28 қараша: аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні 10 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +1…+3°С, күндіз +14…+16°С.

29 қараша: аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Түнде -2°С, күндіз +12…+14°С.

Синоптиктердің айтуынша, 29 қарашада Қазақстанда -13°С-қа дейін аяз күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: