"Ата жолы" картасын алу тәртібінде және қандастарды қоныс аударуда жаңалықтар

Эмигрант, эмигранты, эмиграция, мигрант, мигранты, миграция, иммигранты, иммигрант, иммиграция, приезжий, приезжие, переезд, аэропорт, люди в аэропорту, путешествие, репатриация, репатрианты, репатриант, кандас, кандасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2025 12:17 Фото: pixabay
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастарға қатысты кейбір бұйрықтарға түзетулер енгізу жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобада келесі бағыттар бойынша нормаларды түзету қарастырылған:

  • қандас мәртебесін алуға өтініш берушілерді компрометирлейтін ақпараттың бар-жоғын тексеру тәртібін нақтылау;
  • қандастардың бейімдеу орталықтарында тұру ережелеріне өзгерістер енгізу;
  • халықты тіркеуге қатысты тармақты өзектендіру;
  • қандастарды қабылдау комиссиясының жұмысын оңтайландыру;
  • аймақтық квотаға енгізу тәртібін нақтылау;
  • ерікті қоныс аудару нормаларын түзету;
  • қазақ ұлттық тегімен байланысты анықтау тәртібін, оның ішінде өтініш беру жолдарын нақтылау;

"Ата жолы" картасын беру тәртібін, соның ішінде өтініш тапсыру және хабарламалар беру жолдарын нақтылау.

Түсіндірмеде көрсетілгендей, жобаны қабылдаудың мақсаты – нормаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзектендіру және кейбір бұйрық нормаларын құқықтық техника талаптарына сәйкестендіру.

Құжат көпшілік талқылауы үшін 11 желтоқсанға дейін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: