Алдағы күндері Астанада аяз, Алматы мен Шымкентте жылы ауа райы сақталады

Заморозки, первый снег, осень в горах, похолодание, туман, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2025 16:34 Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның ірі қалаларына алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды. 2025 жылғы 28–30 қарашада Астанада ауа температурасы -9°С дейін төмендейді. Ал Шымкент пен Алматыда теріс температура тек түнде күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

28 қараша: өзгермелі бұлтты. Түнде -4–6°С, күндіз -1–3°С.

29 қараша: өзгермелі бұлтты. Түнде және таңертең тұман. Желдің жылдамдығы 12 м/с дейін. Түнде -7–9°С, күндіз -2°С.

30 қараша: өзгермелі бұлтты. Түнде және таңертең тұман. Жел 5–10 м/с. Түнде -2–4°С, күндіз шамамен 0°С.

Алматы

28 қараша: өзгермелі бұлтты. Түнде -2°С, күндіз +11–13°С.

29–30 қараша: өзгермелі бұлтты. Түнде -2°С, күндіз +9–11°С.

Шымкент

28 қараша: аз бұлтты. Түнде -2°С, күндіз +16–18°С.

29 қараша: аз бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел 10 м/с дейін. Түнде -2°С, күндіз +12–14°С.

30 қараша: аз бұлтты. Түнде -1–3°С, күндіз +10–12°С.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда -13°С дейін аяз болуы мүмкін екенін ескерткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: