Дроп-схемалардың құрбаны кімдер: тәуекел тобына кімдер жатады

Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Гүлзия Қарсыбай 2025 жылғы 27 қарашада өткен "ҚМА-ның цифрлық қауіпсіздік сабақтары" форумында дроп-схемалардың құрбанына ең жиі кімдер айналатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі., сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2025 20:13 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Гүлзия Қарсыбай 2025 жылғы 27 қарашада өткен "ҚМА-ның цифрлық қауіпсіздік сабақтары" форумында дроп-схемалардың құрбанына ең жиі кімдер айналатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі

Ол цифрлық дамудың қазақстандықтарға жаңа мүмкіндіктер ашатынын, бірақ сонымен бірге қаржылық алаяқтықтың заманауи түрлері – дроп-схемалар сияқты қауіптердің де артып отырғанын атап өтті.

"Құқықтық тұрғыда дроптарды ақша "мулдары" деп атайды. Ал сөздің түпкі мағынасына жүгінсек, ол "құрбан" немесе "қақпанға түскен адам" дегенді білдіреді. Ағылшын сленгінде бұл сөз "ақымақ", "есірткі тасымалдаушы" немесе "алдауға түскен адам" ретінде қолданылады. Көп жағдайда дроптар – заңсыз қаржы операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын қарапайым адамдар. Олар өздерінің банктік карталарын немесе жеке деректерін үшінші тұлғаларға беріп, заңға қайшы ақша транзакцияларын жасауға көмектеседі. Тәуекел тобына ең алдымен зейнеткерлер, шетелдік мигранттар, ҚР резиденті емес адамдар, 18–25 жас аралығындағы студенттер, сондай-ақ жұмыссыз азаматтар жатады", – деді Қарсыбай.

Оның айтуынша, ең осал санат – 18–25 жас аралығындағы жастар, өйткені олар жеңіл табыс туралы уәделерге тез сеніп қалуы мүмкін.

"Дроптардың қалай әрекет ететіні туралы. Бірінші санат – қылмыстық жолмен алынған ақшаны өз картасынан шешіп алып, оны алаяқтарға беретін қолма-қолға шығарушылар. Екінші санат – алаяқтар көрсеткен деректерге ақша аударатын транзитерлер. Үшінші санат – "жойғыштар" немесе делдалдар: олар басқа дроптардан қолма-қол ақша алып, өз картасына салып, транзитерге жібереді. Ал төртінші санат – аталған әрекеттердің барлығын орындай алатын универсалдар", – деп жалғастырды ол.

Гүлзия Қарсыбай мұндай "жұмыс" туралы хабарландырулар жиі танымал компаниялардың атын жамылған жалған парақшаларда жарияланатынын айтты.

"Кейде мұндай хабарландырулар өте оңай қолжетімді болады, өйткені бұл ресурстарда модерация деңгейі өте төмен. "Жұмыс шарттары" әдетте өте тартымды етіп жазылады. Мұндай ұсыныстар тіпті жұмыс іздеп жүрмеген адамдарға да жіберілуі мүмкін. Алаяқтар жартылай жұмысбастылықты, жоғары жалақыны және онлайн-форматты уәде етеді, бірақ іс жүзінде оған кіру талаптары өте төмен", – деп толықтырды спикер.

2025 жылдың 16 қыркүйегінде Қылмыстық кодекстің 232-1-бабы күшіне енді. Енді Қазақстанда дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: