Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы дәрілер халық үшін қолжетімді бола түсті

Лекарственные препараты, лекарства, лекарство, аптека, аптеки, цены на лекарства, медикаменты, таблетки, цены на лекарство, стоимость лекарств, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2025 14:49 Фото: unsplash
2025 жылғы 2 желтоқсанда өткен үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрі-дәрмекке жаңа баға белгілеу жүйесін енгізудің нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, дәрілік қамтамасыз ету реформасы аясында жаңа бағалау жүйесі енгізілген. Ол өндіруші бағасын тіркеудің бірыңғай тәсілін, маркетингтік және көлік үстемеақыларын алып тастауды, генериктердің бағасын 30%-ға төмендетуді көздейді. Ал халықаралық референттік баға белгілеу объективті шекті бағаларды қалыптастырып, негізсіз қымбаттаудың алдын алуға мүмкіндік береді.


"2026 жылғы сатып алуларда көптеген препараттардың бағасы 2025 жылмен салыстырғанда 50%-дан 300%-ға дейін төмендеді, ал жалпы үнем 36 млрд теңгеден асты", – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Министр мысал ретінде бірнеше дәрінің нақты арзандағанын келтірді: иматинибтің құны 9 450 теңгеден 2 348 теңгеге дейін, ал бевацизумабтың бағасы 360 000 теңгеден 77 000 теңгеге дейін төмендеген. Жалпы алғанда, дәрілік заттарды сатып алу аясында оның ішінде қымбат онкологиялық препараттар да бар 66 позиция бойынша баға төмендеген.

Үнемделген қаражат, министрдің мәліметінше, қымбат емдеуді қажет ететін пациенттерді қамтамасыз етуге бағытталуда.

2025 жылғы 5 қарашада Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда тағы қандай дәрілер арзандағанын хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: