Ерекше балалардың ата-анасын қорлаған блогер айыппұлмен құтылды

Ерекше балалардың ата-анасын қорлаған блогер айыппұлмен құтылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2025 17:45 Сурет: Zakon.kz
Астаналық блогер әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше балаларды және олардың ата-анасын қорлап, бейәдеп сөздер айтқан. Оны Астана полициясыұстап, әкімшілік іс қозғаған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, 2025 жылғы 2 желтоқсанда ұсақ бұзақылық фактісі бойынша О.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс түскен. (ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі).

Іс материалдарына сәйкес, О. өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бейнематериал жариялап, онда оның қоғамға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты қорлайтын және бейәдеп сөздер қолданғаны, сол арқылы қоғамға ашық түрде құрметсіздік көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды.


"Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген жоқ, себебі инкриминацияланып отырған іс-әрекет тек әкімшілік өндіріс шеңберінде қаралады. Сот отырысында О. кінәсін ішінара мойындады: бейәдеп сөздер қолданғанын растағанымен, балаларды қорлау ниеті болмағанын көрсетті", - делінген хабарламада.

ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігінің санкциясында 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген.

ӘҚБтК 50-бабының 2-бөлігіне сәйкес, 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге әкімшілік қамау қолданылмайды.

О.-ның 2016 жылы туған кәмелетке толмаған баласы бар екені туу туралы куәлікпен расталды.

Сотпен жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықтамалды.

Жеңілдететін мән-жай ретінде О.-ның кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеуі танылды.

Құқық бұзушылықтың сипатын және жеңілдететін мән-жайдың болуын ескере отырып, О. ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза белгіленуге жатады.

Соттың қаулысымен О.-ға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: