Астанада ерекше балалардың ата-аналарын қорлаған блогер полицияға жеткізді

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2025 14:53 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астана полициясы ерекше балалардың ата-аналарына қатысты дөрекі пікір айтқан блогердің видеосы қоғамда үлкен резонанс тудырғанын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Департаменттің баспасөз қызметі 2 желтоқсанда келесідей ресми ақпарат берді:

"Әлеуметтік желіде жарияланған, ерекше балалардың ата-аналарына қатысты қорлайтын және ұят сөздер айтылған блогердің видеосы бойынша әкімшілік іс қозғады. Блогер ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Шағын құқық бұзушылық фактісі бойынша материалдар жинақталып, сотқа қарауға жіберіледі", – делінген хабарламада.

Астана полициясы интернетте қорлайтын материалдарды тарату заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

"Азаматтарды контент жариялау кезінде жауапкершілік танытуға, басқа адамдардың құқықтары мен сезімдерін құрметтеуге, сондай-ақ қоғамдық мораль мен этика нормаларын сақтауға шақырамыз", – деді полиция.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Казнетте есту қабілеті бұзылған таксисті алдаған оқиға қоғамда резонанс тудырған еді. Сол жолаушы табылып, төлем жасатып, түсініктеме беруге мәжбүр болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: