Қысқы ғажайып: Көлсай көлдерінде бақабақ өсімдігі гүлдеуде
Сурет: pexels
“Көлсай көлдері” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде күздің соңғы күндері бақабақ өсімдігінің гүлдеуі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Табиғи парк баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ерекше құбылыс Күрметі орманшылығы аумағында 2025 жылғы 29 қарашада байқалған.
"Табиғат бақылауы барысында бақабақ гүлді өсімдігінің өсу аймағы қайта тіркелді. Түсірілім Құдырғы сайының күнгей бетінде, Ашу тастың ауызында жасалған",- делінген ақпаратта.
Бұл ретте, ұлттық паркке қар да түсіп қойған болатын.
Бұған дейін Қарағанды облысында Қызыл кітапқа енген арқар фототұзаққа түсіп қалғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript