Нәрестелерден бастап жасөспірімдерге дейін: елімізде көз аурулары өршіп тұр
Сурет: pixabay
Жанардың әлсіреуі белең алды. Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша мыңнан астам нәрестеден көз ауруы анықталған. Дерттің жасарып бара жатқаны мамандарды алаңдатуда. Сонымен бірге, көзге әртүрлі ота жасатып, сән үшін түрлі линза тағуға әуес балалар да көбейген.
Бұрын кемінде 6–7 жаста байқалатын миопия қазір 2–3 жастағы балалардан да анықталып жүр. Яғни бүлдіршін жақыннан жақсы көргенімен, алыстағы нәрсені бұлыңғыр көреді.
Соның салдарынан бүгінде әр сыныпта көзілдірік тағатын кемінде 5–6 бала бар, деп жазады qazaqstan.tv.
Смартфонға сағаттап үңілу көзді әлсіретеді. Былтыр түрлі диагнозбен 12 мыңнан астам жеткіншек офтальмологқа жүгінген.
"Біз бес жыл бұрын зерттеу жүргіздік. 2050 жылға қарай оқушылардың 50 пайызы көз ауруына шалдығады. Яғни әр екінші бала көзілдірік тағады. Алдын алу үшін түрлі шаралар, скринингтік тексерулер жасалып жатыр. Бірақ бәрін толық қамту мүмкін емес". Камила Кенжебаева, "Қазақстан офтальмологтар қоғамы" РҚБ офтальмопедиатрия жөніндегі сараптамалық кеңес жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы
Көру қабілетінің төмендеуі бүгінде жасқа да, жасамысқа да ортақ мәселе. Бұрын 60 жастан кейін пайда болатын катаракта, глаукома бүгінде 40–45 жастағы азаматтардан жиі кездеседі. Өз бетімен ем жасау, көзге тамызатын дәріні дұрыс таңдамау да ауыр зардапқа әкелуі мүмкін. Тіпті елемей жүретін қарапайым себептер де көз ауруын қоздыруы ықтимал.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript