Жаңбырлы күндер Алматының экологиясына оң әсер етті

Алматы, гостиница Казахстан, зима в Алматы, снег в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2025 09:56 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматыда 2025 жылдың желтоқсан айы басталғалы ауа сапасы жақсарды. Мамандардың айтуынша, бұған ауа райының қолайлы өзгерісі себеп, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан эколог-аудиторлар палатасы оқу орталығының директоры Райдин Қасымов almaty.tv-ге берген сұхбатында жаңбыр қаланы қаптаған улы тұманды шайып, ауаны тазартып жатқанын түсіндірді. Жауын-шашын табиғи сүзгі рөлін атқарады: әр тамшы шаң-тозаңды және зиянды бөлшектерді өзімен бірге жерге алып кетеді.

Экологтардың дерегіне сүйенсек, нөсерден кейін ауадағы зиянды заттардың деңгейі бірнеше сағат ішінде 80%-ға дейін төмендеуі мүмкін. Әсіресе PM2.5 бөлшектерінің азаюы айқын байқалады.

"Атмосфералық ауаның ластануын тасымалдау мен сейілтуде метеорологиялық факторлардың рөлі өте үлкен. Биыл жауын аз болды. Соның салдарынан өзендердің ластануы да, ауаның ластануы да артты. Ауада тоқырау, инверсия жиі байқалды. Желдің болмауы да экологиялық жағдайды қиындатты". Райдин Қасымов

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Алматыда тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр мен сулы қар жауады. Температура түнде аздап минусқа түсіп, күндіз қайта жылынады. Аймақтан өтетін циклондар мен жел ластаушы заттардың тез тарауына мүмкіндік береді. Ертең жаңбыр жалғасады, күндіз жылы болады. Ал 10 желтоқсанда солтүстік-батыстан соққан қатты жел мен сулы қар ауаны тағы тазартады.

"Қазгидромет" РМК өкілі Аружан Мұратова хабарлағандай, 8–14 желтоқсан аралығында ел аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының ықпалымен қар, боран, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

"Кезеңнің соңында да жаңа солтүстік-батыс циклонымен бірге жаңбыр, қар, көктайғақ, боран және температураның біртіндеп жоғарылауы болжанады", – деді ол.

"Қазгидромет" РМК дерегінше, жаңбыр мен қардың тұрақты түсуі қоршаған ортаның жағдайын жақсартады. Сондықтан алдағы күндері ауадағы зиянды заттардың концентрациясы төмен болады. Қыстың циклондары мен жауын-шашыны атмосфераны тазартады.

Сонымен қатар 9–11 желтоқсан аралығында Алматыда ауа райы күрт нашарлап, қар жауып, –17°C аяз күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: