Қазақстан ЕО визасын алу тәртібін жеңілдету бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр

Қазақстан ЕО визасын алу тәртібін жеңілдету бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2025 19:21 Сурет: Zakon.kz
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 2025 жылғы 9 желтоқсанда Еуропалық одаққа виза алу үшін талап етілетін құжаттар санын қысқарту жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер Еуропалық одақ елдеріне визаға өтініш беріп, бірақ ала алмаған жағдайда төленген визалық алымның қайтарылуы қарастырыла ма деген сұрақ қойды.

"Өздеріңіз білесіздер, әлемнің көп елінде, соның ішінде біз өзіміз де қазақстандық визаларды берген кезде, қандай да бір себеппен мақұлданбаса, төленген қаражат қайтарылмайды. Себебі виза беруден бас тарту себепсіз беріледі. Бұл тәжірибе тек ЕО-да емес, бізде де дәл осындай. Сондықтан бұл сұрақты әріптестеріме жеткіземін – еуропалық тараппен талқыласын. Бірақ бұл мәселеге ерекше назар аударылады деп ойламаймын. Біздің басты мақсатымыз – бұрын айтқанымдай, құжаттар санын азайту. Қазір менің білуімше, Еуропа елдерінің біріне виза алу үшін 20-30 түрлі құжат тапсыру қажет", - деді Смадияров.

Ол қазіргі кезде құжаттар санын едәуір қысқарту, сондай-ақ визалық алымның құнын төмендету бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Басқа да ұсыныстар бар, олар азаматтарымыз үшін қолайлы болар еді. Біріншіден, бұл қарапайым адамдардың сапарын жеңілдетеді. Екіншіден, Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы бизнес, мәдени және өзге де байланыстар жаңа деңгейге шығады. Нақты қанша құжат қалатыны – 10 ба, 15 пе – әзірше белгісіз. Кейде тізімде 25 құжат делінеді, сіз 25 құжат тапсырғанмен, қосымша тағы бір нәрсе сұралуы мүмкін. Бұл – қалыпты процедура, мұндай тәжірибені тек еуропалық елдер емес, америкалық консулдар да, біздің шетелдегі өкілдіктеріміз де қолданады", - деді Смадияров.

Еске салайық, бұған дейін Айбек Смадияров СІМ ресми өкілі қызметінен кеткенін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: