Алматыда заңсыз салынған екі қабатты ғимарат бұзылып жатыр

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Бәйдібек би көшесі, 59-үй мекенжайында орналасқан екі қабатты ғимаратты бұзу жұмыстары басталғанын айтты., сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2025 11:46 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Бәйдібек би көшесі, 59-үй мекенжайында орналасқан екі қабатты ғимаратты бұзу жұмыстары басталғанын айтты.

Бұған дейін "Он жеті" жеке кәсіпкерлігіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, әкімшілік шаралар қолданылған.

Кейін Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына аталған екі қабатты нысанды бұзу туралы талап арыз берілді.

2025 жылы 23 маусымдағы сот шешімімен талап толық қанағаттандырылды. 2023 жылғы 20 қазанда Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы шешімі күшінде қалдырылды.

Алматы қаласы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен бүгін нысанды бұзу жұмыстары басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: