Қарағанды облысындағы кафеде болған жарылыс: екі адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды

Қарағанды облысындағы кафеде болған жарылыс: екі адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2025 09:19 Сурет: Zakon.kz
Қарағанды облысындағы кафеде болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 11 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, шамамен 200 шаршы метр аумақта шатыр құлап, соған байланысты үйінділерді аршу жұмыстары жүргізілген.

Өрт толықтай 300 шаршы метр аумақта сөндірілді.

"Газ баллоны жарылысының алдын ала себебі — газбен жабдықтау жүйелерін, оның ішінде тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану талаптарының бұзылуы", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, он бір адам аудандық ауруханаға медициналық көмек көрсету үшін жеткізілді.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысы Шет ауданы Мойынты станциясында орналасқан бір кафеде газ баллоны жарылып, соның салдарынан өрт шыққанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: