Алматыда қайтадан ауа сапасы нашарлайды

Алматыда қайтадан ауа сапасы нашарлайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2025 09:33 Сурет: freepik
Синоптиктер сенбі, 13 желтоқсанда Алматыда ауаның ластану деңгейі жоғары болатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, 2025 жылғы 13 желтоқсанда Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынық ауа, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Мұндай кезде қала тұрғындары, әсіресе автокөлік жолдарының немесе басқа да ластану көздерінің маңында, ашық ауада жүретін уақытты азайтқаны жөн. Ал өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауаға шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруге тиіс.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: