Уақыт белдеуінің ауысуы Қазақстанның энергия тұтынуына әсер еткен жоқ

Лампочка, лампочки, свет, отключение света, электричество, электроэнергия, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2025 12:21 Фото: unsplash
2025 жылғы 15 желтоқсанда Энергетика министрлігінде өткен брифингте вице-министр Сұнғат Есімханов сағатты жылжытудың Қазақстандағы электрэнергия тұтынуына қалай әсер еткенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-министрдің айтуынша, сағатты жылжыту электрэнергияны тұтынуға ешқандай елеулі әсер етпеген.

"Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы – бұл өзгеріс ең айқын байқалатын өңір. Өткен жылмен салыстырғанда электрэнергия тұтынуы тек 1%-ға ғана өсті. Сол уақытта халық саны артып, жаңа нысандар салынып жатыр. Бұл көптеген факторларға байланысты. Ал Атырау облысында сағат өзгертпеген, сол себепті тұтыну 13%-ға өсті, себебі жаңа өндірістер ашылуда. Сондықтан, біздің және энергетикалық қауымдастықтың пікірінше, сағатты жылжыту біріншіден энергетикамен байланысты емес, екіншіден, тұтынудың өсуіне айтарлықтай әсер етпеді. Кешке қараңғы ерте түссе, таңертең де жарық ерте шығады – жүктеме шыңы жай ғана ауысты", – деді Сұнғат Есімханов.

Вице-министр жылдың қорытындысы бойынша барлық есеп-қисапты ұсынатынын айтып, электрэнергия тұтынуының жыл сайынғы өсуі 3–4% деңгейінде сақталғанын қосты. Оның пікірінше, егер сағатты жылжыту шынымен жағдайға әсер етсе, бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары болар еді.

2025 жылғы 11 наурызда Үкіметте сағатты жылжытудың қазақстандықтардың денсаулығына әсерін бақылау нәтижелері таныстырылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: