Президент: Энергетика секторындағы жаңартылатын қуат көздерінің үлесі 7 пайыздан асты

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2025 12:20 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде сөз сөйлеп, еліміз жаңартылатын энергия көздерін дамытуға да тиісті көңіл бөлініп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі көмір қоры – шамамен 33 миллиард тонна екенін атап өтті.

"Соған қарамастан, біз жаңартылатын қуат көздерін дамытуға баса назар аударып отырмыз. Соңғы 5 жылда осы салаға 2,5 миллиард долларға жуық инвестиция салынды. Соның нәтижесінде энергетика секторындағы жаңартылатын қуат көздерінің үлесі 7 пайыздан асты. Экологиялық тұрғыдан таза энергия өндірісін одан әрі дамыту үшін әлемдік ең үздік компаниялармен әріптестік орнаттық", – деді Президент.

Бұған дейін Қазақстан президентінің атом электр станциясының құрылысын стратегиялық шешім деп атағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: