Атырауда ауа сапасының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, загрязнение воздуха, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2025 09:40 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" мамандары 2025 жылғы 19 желтоқсанда Атырау қаласында ауа сапасының нашарлайтынын хабарлады.

Ауа райының осындай жағдайлары зиянды заттардың жер бетінде жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлармен байланысты. Бұған желдің болмауы, әлсіз жел, тұман және ауа температурасының инверсиясы жатады.

Тұрғындарға сыртта ұзақ уақыт болмауға, әсіресе автожолдар мен басқа да ластанатын көздерге жақын жерде болмауға кеңес беріледі.

Сондай-ақ созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ұсынылады.

Еске сала кетейік, синоптиктер Қазақстанда 30 градусқа дейін қатты аяз болатынын хабарлаған. Осыған байланысты 19 желтоқсанда Астана, Алматы қалалары мен 16 облыста дауылды ескерту жарияланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: