Қазақстанда сұйытылған газдың көтерме бағасы сақталды

Газ, газификация, газораспределительная станция, газовая инфраструктура, газопровод, подача газа , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2025 09:35 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика министрі 2025 жылғы 15 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газының көтерме саудадағы шекті бағасын бекіту туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта былай делінген:

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газының көтерме саудадағы шекті бағасы 2026 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңге қосылған құн салығын есепке алмағанда бір тоннасы 59 722 теңге мөлшерінде бекітілсін.

Аталған бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, Қазақстанда 2025 жылғы 1 тамыздан 31 желтоқсанға дейін сұйытылған газдың көтерме бағасы бір тоннасына 59 722 теңге деңгейінде белгіленген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: