Қазақстанда салық есептілігі қысқартылып, оны тапсырмағаны үшін айыппұл салу тоқтатылады

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, квитанции, налогообложение, налог, платеж, платежи, оплата, коммунальные услуги, коммунальные платежи, коммуналка, квартплата, коммунальный платеж, жилищно-коммунальные услуги, повышение тарифов за коммунальные услуги, долг за коммунальные услуги, задолженность за квартплату, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2025 15:27 Фото: freepik
Қазақстанның Қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылғы 23 желтоқсанда Үкімет отырысында елде салық есептілігін кезең-кезеңімен қысқарту жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, салық есептілігі нысандарының саны жыл сайын азайып келеді. Мәселен, 2009 жылдан бері олардың саны 70-тен 28-ге дейін, яғни 60 пайызға қысқарған.

"Енді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық міндеттемелерінің сомасы 1 млн теңгеден аспайтын азаматтар үшін мүлік, көлік және жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің тоқсан сайынғы есеп-қисабы алынып тасталады. Кәсіпкер жыл қорытындысы бойынша бір ғана декларация тапсырып, төлемді де жыл соңында жүзеге асырады. Маңызды жаңалықтың бірі – есептілікті тапсырмағаны үшін айыппұл салу тәжірибесінен бас тарту", – деді Мәди Такиев.

Оның сөзінше, егер декларация тапсырылмаса, ол нөлдік көрсеткіштермен тапсырылды деп есептеледі. Сонымен қатар кейін қосымша есептілік тапсырып, мәліметтерді нақтылау құқығы сақталады.

Айта кетейік, 2025 жылғы 22 желтоқсанда салық органдары кәсіпкерлерге маңызды ескерту жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: