Алматыдағы бірқатар заңбұзушылықтар: Жоғары аудиторлық палатаның тексеріс қорытындылары

Алматыдағы бірқатар заңбұзушылықтар: Жоғары аудиторлық палатаның тексеріс қорытындылары, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2025 16:11 Сурет: Zakon.kz/Оксана Даирова
Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов 2025 жылғы 24 желтоқсанда Мәжіліс кулуарында Алматы қаласы әкімдігі мен оған қарасты ұйымдарда жүргізілген аудиттің алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, Алматы бойынша тексеру жұмыстары аяқталу сатысында тұр.

"Біз Алматы қаласы әкімдігін және әкімдікке қарасты шамамен 15 заңды тұлға мен ұйымды тексердік. Аудит қамтыған қаражат көлемі – 1,6 трлн теңге", – деді ол.

ЖАП төрағасы аудиторлар анықтаған бірқатар нақты деректер мен заңбұзушылықтарды да атап өтті.

"2022 жылдан бері Алматы қаласының Құрылыс басқармасы "Жас қанат" шағын ауданында жеті тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтамаған. Сондай-ақ пайдалануға берілген 12 тұрғын үй кешені 13,3 млрд теңге сомасында коммуналдық тұрғын үй қорына өткізілмеген. Бұған іргелес аумақтың абаттандырылмауы себеп болған. Абаттандыру жұмыстары уақытында жүргізілмегендіктен, шамамен 1,5 мың тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар баспанасын уақытында ала алмай отыр", – деді Смайылов.

Оның мәліметінше, қалалық мобильділік басқармасы тарапынан тасымалдаушыларға субсидия төлеу кезінде көптеген заңбұзушылыққа жол берілген. Нәтижесінде тасымалдаушыларға негізсіз түрде 2,3 млрд теңге төленген.

"Аудит жүргізілген сәтте жалпы құны 64 млрд теңгені құрайтын 628 жаңа автобус пайдаланылмаған. Бұған құжаттарды ұзақ рәсімдеу, соның ішінде айыппұлдар бойынша берешектің болуы себеп болған. Осындай және өзге де көптеген заңбұзушылықтар анықталды. Аудит қорытындысы бойынша барлық тиісті ұйымдар мен Алматы әкімдігі құрылымдарының өкілдері қатысатын Жоғары аудиторлық палата отырысы өткізіледі. Заңбұзушылықтардың сипатына қарай жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік, әкімшілік немесе тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін", – деп түйіндеді

Бұған дейін аудиторлардың ел бюджетіндегі миллиардтаған бұзушылықтарды анықтап, жүздеген шенеунікті жазалағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: