ДСМ медицина қызметкерлерінің жалақысы артатыны туралы жағымды жаңалықты хабарлады

ДСМ медицина қызметкерлерінің жалақысы артатыны туралы жағымды жаңалықты хабарлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2025 19:42 Сурет: Zakon.kz
2026 жылы медицина қызметкерлерінің кейбір санаттарының жалақысын арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 24 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ведомство президенттің жуырда берген тапсырмасын еске салды.

"2026 жылдан бастап инфекциялық қызмет пен жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің еңбекақысы қосымша өсіріледі. Сондай-ақ медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіледі", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігімен бірлесіп әзірленген іс-қимыл жоспарына сәйкес медициналық ұйымдарда 152 полиция бекеті орнатылғаны атап өтілді.


"Бұдан бөлек, жедел жәрдем қызметінің 2,1 мыңнан астам фельдшерін бейнежетондармен жабдықтау, медициналық ұйымдарда жасанды интеллекті бар бейнебақылау жүйелерін енгізу және 626 қабылдау бөлімшесіне дабыл түймелерін орнату мәселелері шешіліп жатыр", - деп түсіндірді министрлік.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: