Астанада құны 2,3 млрд теңгеден асатын пәтерлерді заңсыз иемдену әрекеті тоқтатылды

Стройка, строительство, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, строитель, рабочий, новостройка, новостройки, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2025 09:13 Фото: пресс-служба акимата Алматы
Қазақстанда әлеуметтік осал топтарға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға және мүгедектігі бар адамдарға арналған пәтерлерді заңсыз иемдену фактісі бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Істі Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік бөлімшелерімен бірлесіп атқаруда.

ҚМА мәліметіне сүйенсек, 2014–2016 жылдары А.Байжұманов "Төленді" тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқара отырып, пайызшылардың ақшалай қаражатын жымқырудың ауқымды схемасын ұйымдастырғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылған.

Кейін пәтерлердің бір бөлігі әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған тұрғын үйлердің құрылысы Астана қаласының әкімдігі тарапынан аяқталған.

"Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін А.Байжұманов жаңа заңсыз схема әзірлеген. Бұл схема "өткен күнмен рәсімделген" жалған құжаттарды пайдалану арқылы пәтерлерді заңсыз иемденуге бағытталған. Нәтижесінде 80-нен астам "жалған үлескер" жәбірленуші деп танылып, уәкілетті ұйымнан 170 жылжымайтын мүлік нысанына заңсыз құқық алған. Пәтерлерді өтеусіз алғаннан кейін Байжұманов пен оның сыбайластары оларды үшінші тұлғаларға сатуды жоспарлаған",- делінген ақпаратта.

Осылайша жалпы құны 2,3 млрд теңгеден асатын пәтерлерді заңсыз иемдену әрекетінің жолы кесілді.

Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тергеу жалғасуда.

Бұған дейін Алматы метросында түтін шығып, жолаушылардың шұғыл эвакуацияланғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: