Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды
Фото: akorda.kz
2025 жылғы 26 желтоқсанда, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі ресми хабарлама жариялады:
"Мемлекет басшысы "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды".
Заңның мақсаты – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру.
Заңда төмендегілер көзделген:
- археологиялық зерттеулер барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері туралы мәліметтерді жинау үшін археологиялық жұмыстарға арналған бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе құру;
- тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мақсатында жер учаскелерін беру және жер пайдалану тәртібін жетілдіру;
- археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды беру, сақтау және пайдалану тәртібін реттеу;
- археологиялық олжалар мен материалдарды орталықтандырылған түрде жинау, оқшаулау және сақтау үшін мемлекеттік қор мен жаппай археологиялық олжалардың ұлттық депозитарийін құру;
- археологиялық жұмыстарды олардың ерекшелігі мен қаржыландыру тетіктерін ескере отырып, жоспардан тыс (алдын алу) және жоспарлы жұмыстарға бөлу;
- тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы қолданыстағы ұйымдардың қызметін жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін айқындау;
- археологиялық жұмыстар жүргізу кезінде техникалық құралдарды пайдалану тәртібін реттеу;
- археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері үшін қорғау аймақтарын белгілеу.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдаған болатын.
Мемлекет басшысына экономикалық реформаларды іске асыру жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы және азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру шаралары туралы ақпарат берілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript