Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 27-28 желтоқсан

Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 27-28 желтоқсан, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2025 17:22 Сурет: pexels
2025 жылғы 26 желтоқсан сағат 17:00-де Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша кешкі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 504,24 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бірден 7,8 теңгеге төмендеген.

Еуроның орташа бағамы 589,73 теңгеге дейін түсіп, 15,07 теңге арзандады.

Рубль бағамы 6,48 теңге болды (-0,07).

Юань бойынша сауда жүргізілген жоқ.

Айырбастау пункттерінде доллар 504,8-509,1 теңгеден, еуро 593,9-599,8 теңгеден, ал рубль 6,41-6,54 теңге аралығында сатып алынып, сатылып жатыр.

26 желтоқсан таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 512,81 теңге, еуроның бағамын 604,19 теңге, ал рубльді 6,57 теңге деңгейінде белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: