Еліміздің тоғыз өңірінде ХҚКО-лардың кезекші орталықтарының мекенжайлары өзгереді

ХҚКО, МХҚКО, кезекші орталық, мекенжайлар, өзгеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2025 19:52 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда 2026 жылдың қаңтар айының басында Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Мамандандырылған ХҚКО-лардың кезекші орталықтарының мекенжайлары өзгереді, деп хабарлады Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылы 29 желтоқсанда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.

"3 қаңтардан бастап Алматы, Шымкент, Семей, Ақтөбе, Өскемен, Орал, Қарағанды қалаларында, Ұлытау облысында, сондай-ақ 5 қаңтардан бастап Астана қаласында кезекші орталықтардың мекенжайлары өзгеретінін хабарлаймыз. Еске саламыз, кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді", делінген хабарламада.

Ал кезекші мамандандырылған ХҚКО-ларда жұмыс күндері өтініштер сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі.

Сенбі күні өтініштер сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алуға болады.

Сурет: "Азаматтарға арналған үкімет" МК

Бұған дейін жаңажылдық мейрамға байланысты Алматыдағы ботаникалық бақтың жұмыс кестесіне өзгерістер енгізілгені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: