2026 жылғы 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: Астанада –12°С, Алматы мен Шымкентте +4°С-қа дейін жылы
Фото: Zakon.kz
2026 жылға санаулы сағаттар қалды. "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі Астана, Алматы және Шымкент қалаларына арналған 1 қаңтардағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана
- Ауа райы: ауыспалы бұлтты, түнде қар жауып, боран соғады. Көктайғақ болуы мүмкін.
- Жел: оңтүстік-батыстан, секундына 9-14 метр.
- Температура: түнде –10…–12°С, күндіз –7…–9°С.
Алматы
- Ауа райы: бұлтты, қар аралас жауын-шашын жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.
- Жел: солтүстік-шығыстан, секундына 3-8 метр.
- Температура: түнде және күндіз +1…+3°С.
Шымкент
- Ауа райы: ауыспалы бұлтты, түнгі және таңғы уақытта қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.
- Жел: солтүстік-шығыстан, секундына 8-13 метр.
- Температура: түнде –2°С, күндіз +2…+4°С.
Бұған дейін Жаңа жылды бұзуы мүмкін қауіпті өнім анықталғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript