Ағаштағы бал мен бақытты бұлғын: Ұлттық парктегі фототұзаққа сирек кадрлар түсірілді
Сурет: wikimedia
Катонқарағай ұлттық паркінде балмен тамақтанып тұрған бұлғын бейнежазбаға түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық парктің Instagram парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, парк қызметкері тәтті тағамды әдейі ағашқа қалдырған.
"Жаңа жыл сіздерге Владимир Михайловичтің осы бұлғынға бал әкелгеніндей, тек жақсы жаңалықтар алып келсін. Тәтті олжасына қуанған бұлғынның сәтін Владимир Воробьев орнатқан фототұзақтағы бейнежазбалардан көріп тамашалауға болады", – деп атап өтті ұлттық парк өкілдері.
Бұған дейін танымал қазақстандық фотографтың 2025 жылдың ең үздік 12 кадрын ұсынғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript