Жаңа циклон Қазақстанға әсер етеді: 3–5 қаңтарда ауа райы күрт өзгереді

Медео, Медеу, канатная дорога на Чимбулак, Шымбулак, высокогорное урочище, горы, снег, холод, высокогорный спортивный комплекс, горный курорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2026 09:51 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстандағы келесі үш күнге — 3, 4 және 5 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Онда алдағы үш күнде республика бойынша ауа райы күрт өзгеретіні, қар мен боран күтілетіні және температураның көтерілуі болжанатыны айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Себебі — жаңа циклон.

"Алдағы күндері Қазақстан аумағымен Жерорта теңізі аймағынан циклон өтеді. Соның әсерінен республика аумағының көп бөлігінде қар мен боран, ал батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. 3 қаңтарда солтүстік-батыста қатты қар жауады, ал 5 қаңтарда оңтүстік-шығыста қарлы және жаңбырлы ауа райы күтіледі. Республика бойынша жолда мұздау, тұман, желдің екпіні болады", — деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Температураның өзгерісі болжам бойынша:

  • Батыс өңірде: түнде 0–8°С, күндіз –2…+5°С
  • Төмендеуі күтілетіндер:
  • Орталық өңірде: түнде –10…–18°С, күндіз –5…–12°С
  • Оңтүстік өңірде: түнде 0…–10°С, күндіз –6…+2°С
  • Оңтүстік-шығыс өңірде: түнде 0…5°С, таулы аймақтарда –8…–13°С, күндіз –2…+3°С, таулы аймақтарда –5…–10°С
  • Шығыс өңірде: түнде –5…–13°С, күндіз –5…–10°С

3–5 қаңтардағы Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ауа райы туралы толық ақпаратты "Қазгидромет" ресми сайтынан білуге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: