Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: 10–12 қаңтарға болжам

Зима в Алматы, снег в Алматы, дорога, дороги, машины, автомобили, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2026 12:20 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Келесі үш күнде Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы көтеріледі және жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Бұл туралы 2026 жылғы 10, 11 және 12 қаңтарға арналған болжамды Zakon.kz тілшісіне Қазгидромет РМК баспасөз қызметі ұсынды.

Болжамға сәйкес, солтүстік-батыстан келетін циклон әсерінен түнде қар, жергілікті боран, көктайғақ, күндіз жаңбыр мен қар күтеді:

  • 10 қаңтардан бастап – батыста;
  • 11 қаңтардан бастап – солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде;
  • 12 қаңтардан бастап – шығыста.
"11 қаңтарда Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты қар күтіледі. 10–12 қаңтарда оңтүстікте, 12 қаңтарда елдің оңтүстік-шығысында жаңбыр болады", – делінген Қазгидромет РМК хабарламасында.

Метеорологтардың айтуынша, республикада тұман және жел екпіні күтіледі.

"11 қаңтарда солтүстік пен орталықта, 12 қаңтарда шығыста күндіз ауа температурасы -3°С-тан +3°С-қа дейін болады", – дейді Қазгидромет РМК баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: