4–6 қаңтарға арналған Астана, Алматы және Шымкент бойынша жаңартылған ауа райы болжамы

Медео, Медеу, высокогорное урочище, горы, высокогорный спортивный комплекс, осень в горах, первый снег, туман, заморозки, похолодание , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2026 15:35 Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны мамандары елдің үш ірі қаласына – Астана, Алматы және Шымкентке 2026 жылғы 4, 5 және 6 қаңтарға арналған жаңартылған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, Астанада боран соғып, ауа температурасы −14 градусқа дейін төмендейді. Ал Алматы мен Шымкентте жаңбыр мен қар жауып, ауа температурасы +5 градусқа дейін жылынады.

Астана қаласы бойынша ауа райы болжамы

4 қаңтар: бұлтты, қар жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз −6…−8°.

5 қаңтар: құбылмалы бұлтты, түнде қар, боран. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге дейін. Ауа температурасы түнде −12…−14°, күндіз −7…−9°.

6 қаңтар: құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз қар, боран. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метр. Ауа температурасы түнде −8…−10°, күндіз −5…−7°.

Алматы қаласы бойынша ауа райы болжамы

4 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-батыстан секундына 2–7 метр. Ауа температурасы түнде 0…+2°, күндіз +3…+5°.

5 қаңтар: құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Кей уақытта тұман. Жел солтүстік-батыстан секундына 2–7 метр. Ауа температурасы түнде −1…−3°, күндіз 0…+2°.

6 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан секундына 2–7 метр. Ауа температурасы түнде −3…−5°, күндіз 0…+2°.

Шымкент қаласы бойынша ауа райы болжамы

4 қаңтар: құбылмалы бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, секундына 7–12 метр. Ауа температурасы түнде 0…+2°, күндіз +1…+3°.

5 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-батыстан секундына 8–13 метр. Ауа температурасы түнде 0…+2°, күндіз 0…+2°.

6 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-батыстан секундына 8–13 метр. Ауа температурасы түнде −3…−5°, күндіз +2…+4°.

Бұған дейін 2026 жылғы 3–5 қаңтар аралығында Қазақстан аумағына жаңа циклон келіп, ауа райы күрт өзгеретіні хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: