Алматыда тұман түсіп, күн жылынады, Астанада қар мен боран: 6–8 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Бизнес-центры в Алматы, БЦ, новостройки в Алматы, высотные дома, жилые дома Алматы, жилой дом, многоквартирные дома, многоквартирный дом, жилье, квартира, новостройка, новостройки, новостройки в Алматы, ЖК в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2026 15:50 Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 6, 7 және 8 қаңтарға еліміздің үш ірі мегаполисі бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, Астанада қар, боран және көктайғақ күтіледі, ал Алматы мен Шымкентте тұман түсіп, ауа температурасы біртіндеп жылынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы бойынша ауа райы болжамы

  • 6 қаңтар: ауыспалы бұлтты, қар жауады, боран соғады, күндіз көктайғақ болады. Жел – оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін. Ауа температурасы: түнде -9…-11°C, күндіз -2…-4°C.
  • 7 қаңтар: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-батыстан 5–10 м/с. Ауа температурасы: түнде -12…-14°C, күндіз -10…-12°C.
  • 8 қаңтар: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен 2–7 м/с. Ауа температурасы: түнде -15…-17°C, күндіз -10…-12°C.

Алматы қаласы бойынша ауа райы болжамы

  • 6 қаңтар: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел – оңтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Ауа температурасы: түнде -3…-5°C, күндіз +2…+4°C.
  • 7 қаңтар: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел – солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы: түнде -3…-5°C, күндіз +3…+5°C.
  • 8 қаңтар: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел – солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы: түнде -3…-5°C, күндіз +3…+5°C.

Шымкент қаласы бойынша ауа райы болжамы

  • 6 қаңтар: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман түседі. Жел – оңтүстік-батыстан 5–10 м/с. Ауа температурасы: түнде -2…-4°C, күндіз +3…+5°C.
  • 7 қаңтар: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел – солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы: түнде -3…-5°C, күндіз +4…+6°C.
  • 8 қаңтар: бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Жел – солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы: түнде -1…-3°C, күндіз +4…+6°C.

Бұған дейін Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы жұмыс аптасында ауа райы қандай болмақ екенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: