Елімізде 6 қаңтарда қалың қар жауып, тұман, көктайғақ болатыны болжанады
Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 6 қаңтар, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Метеорологтардың айтуынша, Қазақстанның басым бөлігі циклонның ықпалында әлі қалып отыр.
"Солтүстік аймақтарда қалың қар, батыста қар аралас жаңбыр жауады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Сондай-ақ, еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын болмайтыны да нақтылынады.
Сонымен қатар, республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылыс ретінде тұман, көктайғақ және желдің екпін алуы аталады.
Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша алдағы үш күнге (6-8 қаңтар) арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript