Қазақстандық IT-мамандардың жалақы мөлшері аталды

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2026 14:05 Фото: Zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 6 қаңтарда Үкімет отырысында Қазақстандағы IT-нарықтың табыстары туралы мәлімдеді, деп хабалайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы жылдары IT-нарық табысының айтарлықтай өсуі байқалып отыр.

"Өткен жылы IT-нарықтың жалпы көлемі 2 трлн теңгені құрады. Сондай-ақ IT-қызметтер экспорты да жоғары қарқынмен дамып келеді. Күтілім бойынша, оның көлемі 1 млрд АҚШ долларына жетеді", – деді Жаслан Мәдиев.

Министр мемлекет басшысы бұл көрсеткішке 2026 жылы-ақ қол жеткізу жөнінде нақты міндет қойғанын еске салды.

"IT саласы – елдегі ең жоғары жалақы төленетін салалардың бірі. Ресми статистикаға сәйкес, IT-мамандардың орташа жалақысы ел бойынша орташа еңбекақы деңгейінен екі есе жоғары", – деп толықтырды вице-премьер.

Бұған дейін SIM-карталарды сату ережелеріндегі өзгерістер туралы жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: