Қазақстанда алдағы күндері +14°С дейінгі жылыну күтіледі

Алматы, зима в Алматы, снег в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, достопримечательности Алматы, достопримечательности города Алматы, туризм в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2026 12:06 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы -20°С суықтан кенет +14°С дейін жылынуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 8-10 қаңтарға арналған болжамды Қазгидромет РМК баспасөз қызметі ұсынды.

Метеорологтардың мәліметінше, республика бойынша температураның біртіндеп көтерілуі күтілуде:

  • Батыста: түнде -8…+5°С, күндіз -3…+8°С
  • Солтүстік-батыста: түнде -20…-5°С, күндіз -8…+1°С
  • Солтүстікте: түнде -15…-7°С, күндіз -2…-10°С
  • Орталықта: түнде -15…-5°С, күндіз 0…6°С
  • Шығыста: түнде -20…-10°С, күндіз -2…13°С
  • Оңтүстікте: түнде -7…+2°С, күндіз +1…+14°С
  • Оңтүстік-шығыста: түнде 0…8°С, таулы аудандарда -18…-13°С, күндіз +3…+12°С, таулы аудандарда -3…+2°С
"8-10 қаңтар аралығында Қазақстанның көп бөлігі кең антициклонның әсерінде болады, сол себепті ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Тек батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтар атмосфералық фронттар әсерінде болып, жаңбыр мен қар жауып, солтүстік өңірде қар мен қатты боран күтіледі", – деп хабарлады Қазгидромет РМК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, республика бойынша тұман мен екпінді жел күтіледі.

Еске салсақ, синоптиктер 2026 жылғы 8 қаңтарға Қазақстанның көп бөлігінде дауылды ескерту жариялаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: