ШҚО-да полицейлер инсульт алған жүргізушіні құтқарып қалды
Фото: Zakon.kz
61 жастағы жүргізуші өзін жайсыз сезінгендіктен, көлігін жол жиегіне тоқтатуға мәжбүр болған. Жол жиегінде тұрған көлік патрульдік полиция батальонының экипажының назарын аударды.
Қызметке жаңадан кірісіп, бекітілген бағытты тексеріп жүрген Ақылбек Базылбеков пен Ғазиз Шәменов бірден көмекке келді.
Тексеру барысында полицейлер ер адамның бойынан инсульт белгілерін байқаған. Уақыт жоғалтпастан, тәртіп сақшылары шұғыл шаралар қабылдап, жүргізушіні №1 қалалық ауруханаға дейін алып барды. Нәтижесінде науқасқа дер кезінде медициналық көмек көрсетілді.
Полиция азаматтарды көлік басқару кезінде, әсіресе қыс мезгілінде денсаулығына мұқият болуға шақырады. Өзіңізді нашар сезінген жағдайда қозғалысты дереу тоқтатып, медициналық көмекке жүгіну қажет.
Қандай да бір қиын жағдайларда "102" нөміріне хабарласудың немесе жақын маңдағы полиция экипажына жүгінудің маңызын еске салады,.