Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Сурет: gov.kz
Алматы полиция департаментінің басшысы болып Айдын Қабдулдинов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше:
"Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы, полиция генерал-майоры Айдын Тоқтарұлы Қабдулдинов Алматы полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды".
Бұған дейін Алматы полиция департаментін Арыстанғани Заппаров басқарған. Қазір ол Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript