Денсаулық сақтау министрлігі Oreo печеньесіндегі "пластикалық желім" туралы ақпаратқа түсініктеме берді

 Денсаулық сақтау министрлігі Oreo печеньесіндегі "пластикалық желім" туралы ақпаратқа түсініктеме берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2026 16:36 Сурет: pexels
Oreo печеньесінің қауіптілігі туралы әлеуметтік желілерде таралған, оның кремді салмасы "пластикалық желім" екені және печеньенің "артерияларды бітеп тастауы" мүмкін екені жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпарат ғылыми тұрғыда дәлелденбеген.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 12 қаңтарда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеме жасады.

Таратылған ақпарға сүйенсек, кондитерлік өнімдер, оның ішінде печенье, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында тек Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана айналымға жіберіледі, атап айтқанда:

  • ТР ТС 021/2011 "Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" – микробиологиялық, токсикологиялық және физика-химиялық көрсеткіштер бойынша;
  • ТР ТС 022/2011 "Тағам өнімдерін таңбалау бөлігіндегі талаптар" – өнімнің атауын, құрамын, тағамдық құндылығын, өндірілген жерін, өндіруші және шағымдарды қабылдайтын тарап туралы мәліметтерді, жарамдылық мерзімін және сақтау шарттарын көрсету бөлігінде.

Бұл ретте, 2025 жылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жүргізілген бақылау мақсатындағы сатып алу аясында Oreo печеньесінің үлгілері зерттелгені атап өтілді.

"Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша микробиологиялық және токсикологиялық көрсеткіштер бойынша техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін жағдайлар анықталған жоқ. Зерттелген барлық үлгілердің таңбалануы белгіленген талаптарға толық сәйкес келді".

Қорытындылай келе, комитет азаматтарды қырағылық танытуға, күмәнді дереккөздерден алынған жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөздерде жарияланған тексерілген ақпаратты басшылыққа алуға шақырады.

Бұған дейін Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: