ШҚО әкімдігі Жақсылық Омардың "ұсталғаны" туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 13 ақпанда әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Zakon.kz тілшісі ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сауал жолдап, түсініктеме алды.
Редакцияға ұсынылған ресми түсініктемеде "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі лауазымды тұлғаға қатысты қандай да бір мәліметтерге ие емес" делінген.
"Интернет желісінде тараған ақпарат ресми дереккөздермен расталмаған. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, лауазымды тұлға денсаулығына байланысты уақытша демалыста", – деп толықтырды ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі жұма күні.
Бұған дейін Астанада құрылыс компаниясының басшысы сотталғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript