Қазақстанның құрылыс секторы 2025 жылы тұрақты өсім көрсетті

Стройка, строительство, строительство жилья, строительство дома, строительство домов, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, строитель, рабочий, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2026 09:14 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылы Қазақстанда құрылыс саласының өсімі 15,9 пайызды құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның құрылыс саласында 2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 15,9 пайызға артып, 10,7 трлн теңгеге жетті. Бұл жоспарлы көрсеткіштен 0,9 пайызға немесе 85,3 млрд теңгеге артық. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Бұл көрсеткіш ел үшін маңызды әлеуметтік нысандар – жайлы мектептер, ауруханалар мен спорт кешендерін салу, сондай-ақ көлік және инженерлік инфрақұрылымды кеңейту бойынша жүзеге асырылған жобалардың нәтижесінде өсті", – делінген хабарламада.

Жалпы, құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексінің өсімі елдің 19 өңірінде байқалды. Мәселен, 2025 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 20,1 млн шаршы метрге жетіп, 2024 жылғы деңгейден 5,1 пайызға жоғары болды.

Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің өсімі республиканың барлық өңірінде тіркелді, ал ең жоғары өсім мына аймақтарда байқалды:

  • Жетісу облысында – 11%;
  • Алматы облысында – 10,2%;
  • Қарағанды облысында – 9%;
  • Астана қаласында – 8,5%;
  • Қызылорда облысында – 8,4%.

Бұған дейін Көлік министрлігі Қазақстандағы ақылы жолдардың ақаулы учаскелерін жөндеуді қаржыландыру көзі туралы хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: