Алматыдан ұшатын Air Astana рейстері кешіктіріліп жатыр

Алматыдан ұшатын Air Astana рейстері кешіктіріліп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2026 19:38 Сурет: pixabay
Алматыдан ұшып шығатын Air Astana-ның кешкі рейстері тұман мен көріну қашықтығы 150 метрден кем болуына байланысты кешіктіріліп жатыр.

Air Astana баспасөз қызметінің мәліметінше, рейстер Airbus NEO ұшақтарымен орындалады. Ал компания әуе кемелерінің өндірушісі енгізген шектеулерге сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін осындай шешім қабылдаған.

Кейбір рейстерді орындау үшін FlyArystan компаниясының резервтік ұшағы қолданылады.

Әуе компаниясы жолаушыларға рейстер туралы ақпаратты ресми сайттан немесе Air Astana мобильді қолданбадан алдын ала тексергені жөн.

Еске салайық, бұған дейін Астанада аязға байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқитынын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: