Қазақстандықтар әзірше зейнетақы жинақтарын емделуге жұмсай алмайды

Қазақстандықтар әзірше зейнетақы жинақтарын емделуге жұмсай алмайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2026 22:00 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда зейнетақы жинақтарын медициналық қызметтерге пайдалану уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Отбасы банк" АҚ 12 қаңтардан бастап біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) есебінен емделуге өтініш қабылдауды уақытша тоқтатты. Бұл шешім зейнетақы қаражатын мақсатсыз пайдалану деректерінің көбеюіне байланысты қабылданған.

Бұл туралы банк ресми сайтында мәлімдеді. Онда "Отбасы банк" Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, БЗТ есебінен медициналық қызметтер алу талаптарын қайта қарайтыны, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдаланудың алдын алу үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау тетіктерін пысықтайтыны айтылған.

Өтініш қабылдау талаптарын түзету аяқталғаннан кейін оның қайта басталатыны туралы қосымша хабарланады.

Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстанда зейнетақы жинақтарын медициналық мақсатта пайдалану ережелері бірнеше рет қатаңдатылды. Әуелі стоматологиялық қызметтерге, кейін офтальмологиялық қызметтерге тыйым салынған еді.

Сондай-ақ 9 қаңтарда елімізде онкологиялық ауруларды радиохирургиялық әдістермен емдеу үшін зейнетақы жинақтарын алу жөніндегі өтінімдер саны күрт артқаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: